Бидхиа Бхандари Непал тарихындағы алғашқы әйел-президент атанды

Фотография - Бидхиа Бхандари Непал тарихындағы алғашқы әйел-президент атанды

Бхандари үшін 327 парламентші дауыс берсе, оның қарсыласы Кул Бахадур Гурунг 214 дауысқа ие болды.

192 0

Непал парламенті сәрсенбі күні  президентті сайлады. Бұл лауазым алғаш рет әйел адамға, Бидхиа Бхандариге бұйырды, деп хабарлады непалдық БАҚ.

Бхандари үшін 327 парламентші дауыс берсе, оның қарсыласы Кул Бахадур Гурунг 214 дауысқа ие болды.

Осылайша, елдегі Коммунистік партия төрағасының орынбасары қызметінде болған Бхандари мемлекет басшысы Рам Баран Ядавтың орнын басатын болды.

Соңғысы 2008 жылдан президент болған.

ҚазАқпарат

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!