Иракта 13 журналист ИМ лаңкестері қолынан қаза тапты

Фотография - Иракта 13 журналист ИМ лаңкестері қолынан қаза тапты

None

336 0

Иракта "Ислам мемлекеті" содырлар ұйымының лаңкестері қолынан жарты жылда 13 журналист қаза болды. Бұл туралы "Шекарасыз репортер" халықаралық ұйымы мәлімдеді. 

Лаңкестер мемлекеттің солтүстік аймағында орналасқан Мосул қаласын 2014 жылдың маусымында басып алған болатын. Аталған журналистер осы қалада азапталып өлтірілген. Ұйымның айтуынша, содырлар Мосул қаласының теле-радио станцияларын өз бақылауында ұстап отыр. Сондай-ақ, "Ислам мемлекетінің" содырлары тұтқынға алған он БАҚ өкілінің тағдыры әлі күнге дейін белгісіз дейді олар.

ARA News сириялық агенттігінің мәліметінше, "Ислам мемлекеті" өздері бақылауға алған аймақтарда орын алып жатқан жағдайларды жариялайтын журналистердің барлығына қауіп төндіреді. Мәселен, ағымдағы жылдың тамыз айында Мосулда Saladin TV журналисі Адель Саэф пен оның әкесін атып өлтірген болатын. Ал, бұған дейін дәл осы қалада журналист Самах Мухаммед пен фотограф Валид Абдулла атылды. Ал, осы жылдың қыркүйегінде Сирия үкіметінің 56 әскерін, мамыр айында Пальмир қаласында 217 адамды өлтірген болатын. Оның жартысынан көбі бейбіт тұрғындар.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!