Сарапшылар әлемдегі мигранттар саны 232 млн-ға жеткенін хабарлады

Фотография - Сарапшылар әлемдегі мигранттар саны 232 млн-ға жеткенін хабарлады

БҰҰ ақпараттарына сүйенетін болсақ, жер бетіндегі 740 млн адам ішкі мигрант қатарына жатады екен.

551 0

Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым (International Organization for Migration, IOM) әлемдегі мигранаттар саны 232 млн-ге жетті деп тұжырымдады. Олардың тең жартысы Австралия, Ұлыбритания, Канада, АҚШ, Франция, Германия, Ресей және Сауд Арабиясы сынды елдерден пана тапқан. Бұл ақпарат IOM жыл сайын ұсынатын баяндамада келтірілген, деп хабарлайды РБК.

Көші-қонның басым бөлігі өзге елдер арасында емес, жеке ел ішінде жүргізіліп жатыр. БҰҰ ақпараттарына сүйенетін болсақ, жер бетіндегі 740 млн адам ішкі мигрант қатарына жатады екен. 

IOM сарапшылары қалалық миграцияны XXI ғасырдың ең үлкен проблемасы деп атады. Әр апта сайын қала аудандарында жайлы тұрмыс пен жақсы жұмыс іздеп 3 млн мигрант көшіп-қонады екен. 2050 жылға қарай жер бетіндегі қала тұрғындарының саны 6,4 млрд-қа жетеді деген болжамдар бар. Қазір қалаларда 3,9 млрд адам тұрады. 

Баяндамада аталып өткендей, қазір қаланың шеткі бөліктерінде 863 млн адам өмір сүреді. 1990 жылы тұрмысы нашар халықтың саны 650 млн-ды құрап еді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!