Британия үкіметі Лондонда биік мешіт салғызбай отыр

Фотография - Британия үкіметі Лондонда биік мешіт салғызбай отыр

Ұлыбритания үкіметі Лондондағы әулие Павел шіркеуінен биік мешіт салуға рұқсат бермей отыр

306 0

Ұлыбритания үкіметі Лондондағы әулие Павел шіркеуінен биік мешіт салуға рұқсат бермей отыр.

РИА новости агенттігінің хабарлауынша, Tablighi Jamaat мұсылман қозғалысы Лондонда сыйымдылығы 11 300 орындық алып мешіт салу рұқсатына 10 жылдан бері қол жеткізе алмай келеді. Бұған жергілікті билік өкілдері тосқауыл болып отыр.

Қала басшылығының шешіміне наразы мұсылман қозғалысының өкілдері ел үкіметіне арыз тастаған, алайда, Британия үкіметі қала әкімдігінің шешімін өзгеріссіз қалдырған.

Ел үкіметі Лондонда әулие Павел шіркеуінен биік құлшылық үйі болмауы керек деп, мешіт салуға қарсылық білдіріп отыр. 2007 жылы мешіттің құрылысына қарсы петицияға 250 мыңнан астам адам қол қойған.


BNews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!