Ресейде адам өлтірген қылмыскер 20 жылдан соң Белоруссияда ұсталды

Фотография - Ресейде адам өлтірген қылмыскер 20 жылдан соң Белоруссияда ұсталды

Беларусь милициясының деректеріне сүйенсек, қылмыскерді іздестіру шарасы 1995 жылғы қарашадан бері жүргізілген.

409 0

Беларусь Құқық қорғау органдары Ресей Федерациясы аумағында 20 жыл бұрын кісі өлтіргені үшін халықаралық іздестіруде болған ресейлікті ұстады. 

Бұл туралы Беларусь ІІМ хабарлады.

Беларусь милициясының деректеріне сүйенсек, қылмыскерді іздестіру шарасы 1995 жылғы қарашадан бері жүргізілген. Ол Рязань облысы Ермишь кентінде мас күйінде жергілікті тұрғынды пышақтап өлтірген. Осы жылғы қазанда Беларусь МВД-ға аса қауіпті қылмыскер республика аумағында болуы мүмкін деген жедел ақпарат келіп түседі.

"Беларусь қылмыстық іздестіру қызметкерлері күдікті Могилевский ауданында бой тасалап жүргенін анықтады. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде қылмыскер Могилевте тұтқынға алынды", - деп атап өтеді министрлікте.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!