Бразилия туристерге Олимпиада кезінде визасыз кіруге рұқсат бермек

Фотография - Бразилия туристерге Олимпиада кезінде визасыз кіруге рұқсат бермек

Бұл – Оңтүстік Америка құрлығында өтетін алғашқы Олимпиада.

947 0

Бразилия келесі жылы өтетін жазғы Олимпиада ойындары кезінде туристерге елге визасыз келуіне рұқсат беруді көздеп отыр.

Осындай заңды парламенттің жоғарғы палатасы қабылдаған. Енді оны ел президенті Дилма Руссефф құптауы керек. Жаңа заң бойынша, Бразилияға 2016 жылдың маусым айынан қыркүйекке дейін келетін туристер виза құжаттаудан босатылады. Еске сала кетейік, Бразилиядағы жазғы Олимпиада ойындары келесі жылдың 5 мен 21 тамыз аралығында өтеді. Бұл – Оңтүстік Америка құрлығында өтетін алғашқы Олимпиада.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!