АҚШ-та оқушы қызды соққыға жыққан полицей қызметінен қуылды

Фотография - АҚШ-та оқушы қызды соққыға жыққан полицей қызметінен қуылды

Бен Филдстің қыз баланы ұрып жатқан бейнежазбасы ғаламторға жарияланған.

483 0

АҚШ-та афроамерикалық оқушыны соққыға жыққан Ричленд өңірі шерифінің орынбасары қызметінен қуылды. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Бен Филдстің қыз баланы ұрып жатқан бейнежазбасы ғаламторға жарияланған. Оқиға Оңтүстік Каролинадағы мектептердің бірінде болған. Мұнда математика пәні кезінде афроамеркалық қыз бала телефонмен сөйлесіп, мұғалімнің ескертуін елемеген. Оның шақыртуымен сыныпқа келіп жеткен полиция қызметкері қызды үстелімен бірге құлатып, еденде сүйреген. Кадрдан байқағанымыздай, оған не мұғалім, не мектеп әкімшілігінің өкілі де араша түспепті. Леон Лотт, Ричленд өңірінің шерифі: - Оқушы қыз полицейдің талаптарын орындамаған. Бен Филдс оны тұтқындамақ болып, күш қолданды. Қалай болғанда да, тәртіп сақшысы мұндай әрекетке жол бермеуі тиіс еді.






Тегтер:

полиция АҚШ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!