Ресей ұшағы құлаған аймақтан 100 адамның мәйіті табылды

Фотография - Ресей ұшағы құлаған аймақтан 100 адамның мәйіті табылды

Құтқарушылар 100 адамның жансыз денесін алып шықты

1280 0


Құтқарушылар 100 адамның жансыз денесін алып шықты.

Марқұмдардың арасында 5 бала бар. Құтқару тобы «тірі адамдардың бар» деп хабарлауда. Бұл – «Рейтер» агенттігінің ақпараты. Мысыр премьер-министрі апат орнына аттанып, елдің Бас прокуроры тергеу тобын жіберді. Ал Ресей президенті Владимир Путин қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып, қайғыларына ортақ екенін жеткізді. Енді Мәскеуде үкіметтік комиссияның жұмысшы тобы шұғыл отырыс өткізбек. Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің 3 ұшағы Мысырға баруға дайын тұр. Ал ресейлік тергеушілердің алды ұшақ құлаған жерге аттанып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақтың қозғалтқышы істен шығуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Мысырдың Шарм-эль-Шейх әуежайынан ұшып шыққан лайнер Санкт-Петербургке қарай бағыт алған еді. Әл-Ариш қаласының маңында құлаған ұшақта 217 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болыпты. Олардың арасында 17 бала бар деген ақпарат бар. Қазір еліміздің Сыртқы істер министрлігі жолаушылардың арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтап жатыр.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!