Базарда болған өрт: Он бес адам ажал құшты, басым бөлігі - сатушылар

Фотография - Базарда болған өрт: Он бес адам ажал құшты, басым бөлігі - сатушылар

Оқиға сенбі күні таңертең орын алған.

470 0

Филиппин елінің оңтүстігіндегі Замбоанга қаласында болған өрт салдарынан он бес адам ажал құшқан, соның ішінде төртеуі - балалар, деп хабарлайды Ассошиэйтед Пресс.

Оқиға сенбі күні таңертең орын алған. Өрт үш сағатқа жуық уақытқа созылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шығуына кабельдің өртенуі себеп болған. Жалын жол бойында орналасқан қолшатырларға, содан соң базарда сатылып жатқан киім-кешекке тарап кетті.

Полицияның мәліметтерінше, өрт салдарынан негізінен киім сатушылар қаза тапқан. Оқиға салдарынан тағы 13 сатушы жарақаттанды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!