Румынияда үш күндік қаралы күн жарияланды

Фотография - Румынияда үш күндік қаралы күн жарияланды

Бухаресте Colectivу түнгі клубындағы жарылыстан болған өрт салдарынан 200-ге жуық адам зардап шеккен, 27 адам көз жұмды.

554 0


Румыния Премьер-министрі Виктор Понта сенбі күні өткен үкімет отырысында Бухарестегі түнгі клубта орын алған өртке байланысты ұлттық аза тұту жариялады. 

Еске салайық, Бухаресте Colectivу түнгі клубындағы жарылыстан болған өрт салдарынан 200-ге жуық адам зардап шеккен, 27 адам көз жұмды. 

Үкімет 31 қазан, 1,2 қараша күндерін ұлттық аза тұту күндері деп жариялау туралы қаулы етті, деді Премьер-министр. 

Оқиғадан зардап шеккендер арасында Испания, Германия, Италия елдерінің азаматтары бар. Румыния билігі оларды өз елдеріне жеткізуді қамтамасыз етпек. 

Қазіргі сәтте Бухарест ауруханаларында 146 адам емделуде, олардың басым бөлігінің жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды РИА Новости.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!