Жүрегі сыртында орналасқан қыз бала дәрігерлерді таңғалдыруда

Фотография - Жүрегі сыртында орналасқан қыз бала дәрігерлерді таңғалдыруда

6 жасар Вирсавия Борун жүрек эктопиясына ұшыраған, яғни жүректің орны ауысып кеткен.

2087 0

 Бұл қыздың жүрек қағысы естіліп қана қоймай, жақсы көрініп те тұр. 6 жасар Вирсавия Борун жүрек эктопиясына ұшыраған, яғни жүректің орны ауысып кеткен. 

Қыз баланың өмірлік маңызды бұл органы төс қуысында емес, сыртында орналасып, тек терімен жамылған, деп жазады Daily Mail.

Таяуда қыз бала анасымен бірге ота жасау үмітімен Оңтүстік Флоридаға көшіп келген. Бірақ Бостон дәрігерлері қыз балаға әзірше ота жасауға болмайтынын айтты. Бұған себеп - қан қысымының тым жоғары болуы. Дәрігерлер Версалияға ота жасауға дайын болған сәтті қалт жібермеу үшін, қыз баланы үздіксіз қарап жүр.

Версалия басқалардан гөрі өзін күтініп, өзіне «қауіпті» ойындар ойнамауға тырысады. Қыз бала ән айтады, билейді, сурет салады. Көп ұзамай мектеп табалдырығын да аттамақшы.




Тегтер:

АҚШ жүрек

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!