Апатқа ұшыраған А321 ұшағында ТЖМ-нің үш қызметкері болған

Фотография - Апатқа ұшыраған А321 ұшағында ТЖМ-нің үш қызметкері болған

Жалпы А321 бортында 224 болған.

990 0

Мысырда апатқа ұшыраған ресейлік ұшақтың ішінде РФ ТЖМ-нің үш қызметкері болған, деп хабарлады РФ министрінің орынбасары Владимир Степанов.

Утро.ру-дың хабарлауынша, ол кадрлар департаментіне қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына көмек көрсету мәселесін шешу бұйрығын берген.

Еске салайық, Шарм-әл-Шейхтан Санкт-Петерборға ұшқан "Когалымавиа" әуе компаниясының Airbus А321 әуе кемесі сенбі күні Мысырда апатқа ұшырады. Оның бортында болған 224 адам қаза тапты. Арасында 17 бала мен 200 ересек адам болған жолаушылар Мысырдағы демалыстан оралып келе жатқан Brisco туроператорының туристері болған.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!