Нью-Йоркте Хэллоуинді мерекелеп жүрген 3 адам ажал құшты, 4-уі жараланды

Фотография - Нью-Йоркте Хэллоуинді мерекелеп жүрген 3 адам ажал құшты, 4-уі жараланды

Мерт болғандар арасында 9 жасар қыз бала болған.

218 0

Хэллоуинді атап өткен Нью-Йорк қаласының үш тұрғыны жол-көлік оқиғасынан опат болды, тағы төртеуі жарақат алған, деп хабарлайды Ассошиэйтед Пресс.

Полицияның мәліметтерінше, оқиға сенбі күні Нью-Йорк уақытымен сағат 17:00 шамасында орын алған. 52 жастағы ер адам басқарып келе жатқан көлік жаяу жүргінші жолына шығып кетіп, онда маскарад костюмдерін киіп алған бір топ адамды басып кеткен. Мерт болғандар арасында 9 жасар қыз бала болған. 

Ауыр жарақаттар алған жүргізуші де зардап шеккен басқа адамдармен бірге ауруханаға жеткізілді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!