Әзербайжанда парламент сайлауына дауыс беру басталды

Фотография - Әзербайжанда парламент сайлауына дауыс беру басталды

Әзербайжанда жексенбі күні ел парламенті - Милли Меджлиске кезекті сайлауда дауыс беру үшін сайлау учаскелері ашылды.

256 0


Әзербайжанда жексенбі күні ел парламенті - Милли Меджлиске кезекті сайлауда дауыс беру үшін сайлау учаскелері ашылды, деп хабарлайды РИА Новости. 

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 08.00-де басталды. Ол кешкі сағат 19.00-ге дейін жалғасады. 

Әзербайжан парламенті - Милли Меджлис 125 депутаттан құралған бір палаталы заңнама органы болып табылады. Олар мажоритарлық жүйемен сайланады: ел аумағы 125 бірмандаттық округке бөлінген, олардың атынан шығу құқығы үшін бірнеше кандидат күреседі.

ОСК мәліметтерінше, парламенттегі 125 орынға 769 кандидат тіркелген, яғни орташа есепен алғанда бір депутаттық мандатқа алты үміткерден таласқа түсуде. Кадидаттардың жартысына жуығы - партиялардың атынан шыққандар. Сайлауға 15 партия, сондай-ақ құрамына жеті партия кіретін "Азадлыг-2015" ("Еркіндік") блогы қатысуда.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!