Әуе апатынан қаза тапқан 163 адамның денесі Каир мәйітханаларына жеткізілді

Фотография - Әуе апатынан қаза тапқан 163 адамның денесі Каир мәйітханаларына жеткізілді

None

905 0

Қазіргі уақытта Мысырдың медициналық мекемелеріне Синай түбегіндегі А321 ресейлік ұшақ апатының салдарынан опат болған 163 адамның денесі жеткізілген. Әуе кемесінің бортында болғандардың сүйектері төрт аурухананың мәйітханаларына апарылды, деп жазады ТАСС.

Қазіргі уақытта Каирде қаза тапқандардың денелерін Ресейге жіберуге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар түнде Мысырға ресейлік құтқарушылардың тобын жеткізген екі Ил-76 ұшағымен жеткізілмек.

Еске салайық, Шарм-әл-Шейхтан Санкт-Петерборға ұшқан "Когалымавиа" әуе компаниясының Airbus А321 әуе кемесі сенбі күні Мысырда апатқа ұшырады. Оның бортында болған 224 адам қаза тапты. Арасында 17 бала мен 200 ересек адам болған жолаушылар Мысырдағы демалыстан оралып келе жатқан Brisco туроператорының туристері болған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!