Жұлдызды жұп Түркиядан вилла сатып алды

Фотография - Жұлдызды жұп Түркиядан вилла сатып алды

Джоли мен Питт бұл вилланы Түркияны қатты жақсы көргендіктерінен алуға келісім берген.

321 0

Атақты Голливуд жұлдыздары, Оскар сыйлығының лауреаттары Брэд Питт пен Анджелина Джоли теңізге жақын маңда орналасқан Измирдің Урла ауданынан құны 2,6 млн долларын құрайтын вилла сатып алды, деп жазады түрік басылымдары.

Сатып алу келісімі БАҚ өкілдерінен жасырын түрде жасалған. Жаңа вилланың ауданы 10000 шаршы метрге тең. Үйде 7 жатын бөлме, 2 қонақ бөлме және хауыз бен спорт залы бар. Ал жаңа вилланы таңдауға әрі сатып алуға көмектескен "Прото Групп" жылжымайтын мүлік агенттігінің басшысы Алессандро Прото мен агенттіктің Түркиядағы өкілі Оя Пакташ ерлі-зайыптылардың оны қолма-қол ақшаға сатып алғанын айтады. Олардың айтуынша, Джоли мен Питт бұл вилланы Түркияны қатты жақсы көргендіктерінен алуға келісім берген. Енді жұлдызды отбасы 2016 жылдағы жазғы демалыстарын Түркиядағы жаңа вилласында өткізбек.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!