Жыл сайын әлемде 1,5 миллион адам қант диабетінен көз жұмады

Фотография - Жыл сайын әлемде 1,5 миллион адам қант диабетінен көз жұмады

2015 жылдың 16 қарашасында Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні өткізіледі.

181 0

Қант диабеті жүрек ауруы мен инсульттің даму қаупін арттырады. Қант диабетіне соқырлыққа шалдығу оқиғасының 1%-ы тиесілі. Қант диабеті ауруы бүйрек жеткіліксіздігінің басты себептерінің қатарына кіреді. Қант диабетімен ауыратын адамдар арасында өлім-жітім қаупі диабетпен ауырмайтын сол жастағы адамдар арасындағы өлім-жітім қаупінен кемінде 2 есе артық.
ДДҰ-ның мәліметтері бойынша 2014 жылы қант диабетімен аурушаңдылық деңгейі 18 жас және одан үлкен жастағы тұрғындар арасында 9%-ды құрады. ДДҰ-ның бағалауы бойынша 2012 жылы 1,5 миллион өлім-жітім оқиғасы қант диабетінің себебінен болған. Қант диаьетінен болатын өлім-жітімнің 80%-нан аса оқиғасы табыс деңгейі төмен және орта елдерде орын алады.
Қазақстанда Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2014 жылы қант диабетімен аурушаңдылық 100 000 адамға шаққанда 164,4-ті құрады.
Ерте диагностикалауды қанды біршама арзан тестілеудің көмегімен іске асыруға болады. Диабетті емдеу қандағы глюкозаның мөлшерінің және қан тамырларын зақымдайтын басқа танымал қауіп-қатер факторларының деңгейін төмендетуден тұрады. Аурудың асқынуын болдырмау үшін темекіні шегуді тоқтату, дұрыс емдәмді сақтау, үнемі жаттығулар жасау, қалыпты дене салмағын ұстау маңызды.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарының шеңберінде СӨСҚПҰО-ның ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілігімен республика өңірлерінде қант диабеті ауруының мәселелері, мінез-құлықтық қауіп-қатер факторлары болған жағдайда бұл аурудың асқынуын қалай тоқтатуға болатыны, негізі салауатты өмір салты мен ортақ жауапкершілікті қалыптастыру болып табылатын медициналық көмекке дер кезінде жүгінудің маңыздылығы мен профилактикалық араласу туралы халықтың ақпараттылық деңгейін арттыру мақсатында 2015 жылдың 16 қарашасында Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні өткізіледі.
Айта кетейік, барлық өңірлерде келесі шараларды өткізу жоспарланған: МСАК ұйымдарында эндокринолог, терапевт, офтальмолог, педиатр және басқа мамандардың кеңес беруі арқылы Ашық есік күндері; дөңгелек үстелдер, мәжілістер, Денсаулық мектептерінде пациенттерге арналған сабақтар, ҚД-ны ерте анықтау, ақпараттылықты арттыру және қант диабетінің алдын алу мәселелері жөнінде учаскелік дәрігерлерге, орта медициналық қызметкерлерге, әлеуметтік қызметкерлер мен психологтарға арналған семинарлар; ҚД-ның алдын алу мәселелері жөнінде пікірталастар, спорттық шаралар; ҚД бойынша ақпараттық-білім беру материалдарын тарату және БАҚ-та хабарлау арқылы жұмыс орындарында профилактикалық тексерулер, қан құрамындағы глюкозаны, қант диабетімен ауыратын пациенттерде гликирленген гемоглобин деңгейін анықтау арқылы акциялар өткізіледі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!