Мәйіттер салынған ұшақ Каирден Петербургке ұшып шықты

Фотография - Мәйіттер салынған ұшақ Каирден Петербургке ұшып шықты

Құтқарушылар бұған дейін барлығы 175 адамның денесін үйінді астынан алып шыққан.

299 0

Мысырдағы әуе апатынан қаза тапқандардың мәйіттері Каирде Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшағымен Санкт-Петербургке жіберілді.

Марқұмдардың жеке бастарын анықтап, тану шарасы бүгін жүргізіледі. Азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімі қайтыс болғаны туралы куәліктерді бірден береді. Мысыр билігінің мәліметі бойынша, апат аумағында іздеу жұмыстары жалғасуда. Құтқарушылар бұған дейін барлығы 175 адамның денесін үйінді астынан алып шығып, 163 мәйітті жергілікті медициналық мекемелерге жеткізген. Естеріңізге сала кетейік, 31 қазанда Ресей авиациясының тарихындағы ең ірі апаттан 224 адам қаза тапты. Марқұмдардың 217-сі – жолаушы, 7-еуі – экипаж мүшесі. Әуе кемесінде ресейліктерден басқа 4 украин және 1 беларусь азаматы болған.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!