Түркияның оңтүстік шығысында болған жарылыстан 20 адам зардап шекті

Фотография - Түркияның оңтүстік шығысында болған жарылыстан 20 адам зардап шекті

Жарылыстан 1 адам қаза тауып, 20-сы жарақат алды.

269 0

 Түркияның оңтүстік шығысында Мардин провинциясындағы Нусайбин қаласында болған жарылыстан кем дегенде 20-ға жуық адам зардап шекті.

Нусайбин қаласы түрік-сирия шекарасының жанында орналасқан. РИА Новости мәліметтеріне қарағанда, тұрғын үй маңында қойылған автомобиль белгісіз себептермен жарылған. Оған жақын жерде орналасқан сада үйінде өрт шықты. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды russian.rt.

Жаралағандардың барлығы жергілікті ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер, дәрігерлер мен құтқарушылар жұмыс істеуде. Алдын ала ақпарат бойынша, жарылыс себебі әлі нақты хабарланған жоқ. Белгілісі оның осы елде өткен парламент сайлауына еш қатысы жоқ. Жарылған көлік өртеніп, жақын маңдағы супермаркет пен басқа да ғимараттар отқа оранған. Тергеу амалдары жүріп жатыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!