Содырлар "Ислам мемлекеті" лагерінен қашпақ болған 12 баланы азаптап өлтірген

Фотография - Содырлар "Ислам мемлекеті" лагерінен қашпақ болған 12 баланы азаптап өлтірген

Балалардың жас шамасы небәі 12-16 жас аралығында болған

770 0

"Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары Ирактың Мосул қаласындағы оқу-жаттығу лагерінен қашуға талпынған 12 баланы қолға түсіріп, артынша азаптап өлтірді.

Бұл туралы Мосулдағы демократиялық партия өкілі Саид Мамузиннің берген мәліметіне Күрд ақпараттық агенттігі сілтеме жасап хабарлады.

Лаңкестік ұйымның "Ас салам" әскери лагерінде жаттығудан өтіп жатқан 12 бала өздерінің теріс ағымға түскендерін сезіп, қашып кетпек болыпты. Алайда, лаңкестердің жедел іздестіруі нәтижесінде олардың барлығы ұсталып, азаптап өлтірілді. Балалардың жас шамасы небәі 12-16 жас аралығында болған.

Айта кетйік, Ирактағы адам құқықтары жөніндегі БҰҰ-ның Жоғарғы комиссары ИМ лаңкестерінің балаларды жалдау мәселесіне қатысты БҰҰ бірнеше рет шағым берді. Бірақ, ол әзірге жауапсыз қалып отыр.


baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!