Қытай әйелдердің паранджа киюіне қатысты заң шығарды

Фотография - Қытай әйелдердің паранджа киюіне қатысты заң шығарды

Бұдан былай Қытайда әйелдерге мәжбүрлеп паранджа немесе никаб кигізуге тыйым салынады

1267 0

Бұдан былай Қытайда әйелдерге мәжбүрлеп паранджа немесе никаб кигізуге тыйым салынады. Ел билігі осындай жаңа заңды қабылдап отыр. Бұл заңға бағынбағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ деп жазады ВВС News. 

Жаңа заң 30 қазанда қабылданды. Онда «Экстремистік және радикалды исламмен байланысты болуы мүмкін деген киім немесе аксессуарларды пайдалануға не киюге біреуді мәжбүрлеуге тыйым салынады» деп көрсетілген. Бұл заң бұзылған жағдайда қылмыстық іс қозғалып, тіпті 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін.

Алайда, аталған заңда нақты киімнің атауы жазылмаған, сондықтан заңды айналып өтуге болады мүмкін дейді мамандар.

Ал, сарапшылар жаңа заңның ҚХР Шыңжан-Ұйғыр автономиялық аймағындағы мұсылмандарға қарсы бағытталуы мүмкін деп санайды. Себебі, тек осы аймақта ғана әйелдер көздерін ғана ашық қалдыратын исламның дәстүрлі киімін киеді.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар айында Шыңжаң жергілікті соты паранджаны қоғамдық орындарда киюге тыйым салған болатын. Ал, 2014 жылы әйеліне паранджа киюге рұқсат беріп, сақалын алмағаны үшін Үрімші тұрғыны 2 жылға бас бостандығынан айырылды.


baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!