Обама бұрын сотталғандарды жұмысқа орналастырмақ

Фотография - Обама бұрын сотталғандарды жұмысқа орналастырмақ

Бұл бастамасы жайында Ақ үй қожайны Нью-Джерси штатында жүрген жұмыс сапары кезінде алға тартты

249 0

АҚШ президенті Барак Обама өз бастамасымен қолға алған құқықтық реформа аясында бұрынғы түрмеде отырып шыққан жандарды қоғамдық өмірге етене араластыруға көмектесетінін мәлімдеді.

 Бұл бастамасы жайында Ақ үй қожайны Нью-Джерси штатында жүрген жұмыс сапары кезінде алға тартты. "Мақсат адамдарды ұстап, темір торға тоғыта бергенде емес. Меселе олардың толыққанды азамат қалпына қайтып оралу жағдайын дұрыс ойластыра білуде", - деп атап өтті Б.Обама. Сотталғандарды еңбекпен қамтудың бастапқы шарасы олар үшін алдағы 3 жыл көлемінде 8 млн-ға жуық федералды оқу гранттарын бөлуді қамтиды. Бұл ретте президент федералды үкіметтің үміткерлерді іріктеу кезінде олардың криминалды тарихына үңіліп, алалауға жол бермеу қажеттігін ерекше айтты. Себебі қылмыскерлер жасаған қателік тек өткеннің ісі. Америкалық азаматтық бостандық одағының есебінше, әлем бойынша қамауда отырғандардың 25%-ы АҚШ-тың үлесіне тиеді екен.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!