Обама АҚШ-ты қарызға батыруда

Фотография - Обама АҚШ-ты қарызға батыруда

Ақ үй қожайыны билікке келгеннен бері Құрама Штаттардың мемлекеттік берешегі еселеп артуда

6167 0

Ақ үй қожайыны билікке келгеннен бері Құрама Штаттардың мемлекеттік берешегі еселеп артуда.

Қазірдің өзінде бұл көрсеткіш 18,15 трлн долларға жеткен. Барак Обама президенттіктен кететін уақытқа дейін АҚШ мемлекеттік қарызын 20 трлн долларға жеткізеді, деп жазады The Washington Times.

Обама 2009 жылы президент болып сайланған кезде Құрама Штаттар берешегі 10,6 триллион доллар болған. Сол уақыттан бері қарыз азаймастан өсіп, 2 есеге артқан.

Бірақ, таяудағы жаңа бюджеттік келісімге сәйкес, мемлекеттің алуға болатын қарызының шегі ұлғайтылған. Енді осыдан соң Ақ үйдің бүгінгі иесі тағы 1,5 трлн долларды қарызға сұрай алады.
Сөйтіп, Штаттардың келесі президенті сайланған күнге дейін ел қарыздан көз ашпауы мүмкін.

24.kz

Тегтер:

обама ақш қарыз

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!