Индонезияда 2 млн гектар алқап өртеніп кетті

Фотография - Индонезияда 2 млн гектар алқап өртеніп кетті

сурет politeka.net сайтынан

Индонезиядағы өрт 24 жергілікті тұрғынның қаза табуына себеп болды

236 0

Индонезияда соңғы бес айда орын алған орман өртінен 2 миллион гектардан астам жер өртеніп кетті деп хабарлады елдің Ұлттық ғарыш және авиация агенттігі.

"Біз спутник арқылы өртенген аумақты суретке түсіріп, өртке дейінгі және өрттен кейінгі суреттерді салыстырамыз. Жалынның ушығуына байланысты, өртенген аумақ күннен-күнге артып отыр. Сондықтан біз 10 күн сайын статистиканы жаңартып отырамыз",- дейді агенттіктің ресми өкілі Парвати Софан. Оның айтуынша, Жаңа Гвинея, Суматра және Калимантан аралдары өрт кесірінен ең көп шығынға ұшыраған.

Айта кетейік, Индонезиядағы өрт 24 жергілікті тұрғынның қаза табуына себеп болды. Мемлекет үкіметі басқа елдерден көмек сұрауға мәжбүр. Ресей ТЖМ өртті өшіру үшін екі Be-200 ұшағын Индонезияға жіберді. Аталған агенттіктің айтуынша, ол бірнеше аймақтағы өрт қарқынын азайтуға мүмкіндік берген. Сондай-ақ, осы өрт салдарынан Сингапур, Малайзия, Тайланд республикалары түгелдей түтінге оранды, деп жазды baq.kz .



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!