Жыл басынан бері Еуропа жағалауына 750 мыңнан астам мигрант келді

Фотография - Жыл басынан бері Еуропа жағалауына 750 мыңнан астам мигрант келді

сурет tvc.ru сайтынан

3400-ден астам адам суға батып кетті, бұл ретте құрбандардың саны ауа райы жағдайының нашарлауынан өсіп келеді

143 0

Биыл қаңтар айынан бері Еуропаға Жерорта теңізі арқылы келген мигранттардың саны 750 мың адамға жетті. Бұл туралы БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары Антониу Гутеррешке сілтемемен ТАСС хабарлап отыр.

"Қаңтар айынан бері Еуропа жағалауына үш ширек миллион адам келген. 3400-ден астам адам суға батып кетті, бұл ретте құрбандардың саны ауа райы жағдайының нашарлауынан өсіп келеді", - деді ол Дүниежүзілік ұйымның Бас Ассамблеясының 3-ші комитетінде сөйлеген сөзінде. Оның айтуынша, күн сайын Грекия жағалауындағы аралдардың өзіне 6 мыңнан 8 мыңға дейін адам келіп жетеді.

"ЕО бұл дағдарыспен күресу үшін барлық мүмкіндіктері бар, бірақ оның жүзеге асырылуы үшін бірыңғай әрі бәрін қамтитын аймақтық амал қажет", - деді Гутерреш. Ол ЕО-ның 160 мың адамды өз аумағында орналастыру шешімін «дұрыс бағытта жасалған қадам» деп атады, алайда ол тым баяу орындалып отырғанына қапаланды.

БҰҰ Жоғарғы комиссарының айтуынша, еуропалық елдерге іздеу-құтқару іс-қимылдарын жүргізу тиімділігін арттыру үшін қосымша күш салу керек. "Өткен аптаның өзінде Грекия жағалауында 150-ден астам адам, соның ішінде ондаған бала болған 13 кеме апаты болған", - деп атап өтті Гутерреш.

БҰҰ-ның Жоғарғы комиссары отырыс қатысушыларының назарын Екінші дүниежүзілік соғыс уақыты кезінен бері әлемде мәжбүрлі қоныс аударған адамдардың рекордтық санына аудартты. Оның айтуынша, қазіргі кезде қақтығыстар мен қыспақ салдарынан 60 млн. адам өз үйлерінен кеткен. "Соңғы бес жылда ғана күн сайын үйлерін тастап кетіп отырғандардың саны шамамен 4 есеге өскен: 2010 жылы олардың саны 11 мың болса, өткен жылы 42,5 мыңға дейін жетті", - деп атап өтті БҰҰ-ның Жоғарғы комиссары. 


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!