Пәкістанда әуежайға қонған ұшақтың дөңгелегі жарылып, жолаушылар зардап шекті

Фотография - Пәкістанда әуежайға қонған ұшақтың дөңгелегі жарылып, жолаушылар зардап шекті

сурет ngs42.ru сайтынан

Boeing 737 ұшағы бортында 112 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болған

357 0

Аллама Икбал халықаралық әуежайында азаматтық ұшақтың апатты жағдайда қонуынан кемінде 10 жолаушы зардап шекті.

Пәкістандық Dawn газетінің хабарлауынша, елдің "Шахин эйр" әуе компаниясына тиесілі Карачи-Лахор бағытындағы Boeing 737 ұшағы бортында 112 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болған. Әуежайға жақындағанда ұшқыш ұшақ шассиінің ақауы туралы хабарлаған. Ұшақ жерге қонған сәтте оның дөңгелектерінің бірі жарылып, әуе көлігі бір жағына қарай ауытқып, салдарынан қатты жылдамдықтағы ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кеткен.

Жолаушылар сыртқа шығарылып, оқиғадан зардап шеккен кемінде 10 жолаушы ауруханаларға жеткізілді.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!