Porsche компаниясы дауға қалды

Фотография - Porsche компаниясы дауға қалды

Германияда әлемге танымал Porsche компаниясы дауға қалды

220 0

Германияда әлемге танымал Porsche компаниясы дауға қалды.

Себебі биыл шығарылған Porsche Cayenne көлігінен ауаға бөлінетін зиянды заттардың мөлшері көп болып шықты. Мұндай машиналардың қатарында былтырғы Volkswagen Touareg пен Audi A6 allroad quattro көліктері де бар. АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау агенттігі соңғы екі жылда экологияға қауіп тудыратын дәл осындай 10 мың көлік сатылуы мүмкін дейді. Алайда Volkswagen компаниясы өзіне тағылған айыпты мойындамай отыр. Сарапшылардың пайымдауынша, егер тағылған айыптар дәлелденсе, алып компаниялар қыруар шығынға батады.

 Саймон Френч, Panmure Gordon компаниясының бас экономисі:
- Бұл мәселенің айтарлықтай өзекті екендігін ескеруіміз қажет. Volkswagen үшін бұл – қиын әрі қауіпті жағдай. Компания акцияларының сатылымына қазіргі жанжал әсер етпей қоймады. Қалыптасқан жағдайдан сескенген инвесторлар да аттоңын ала қашуы мүмкін. Сондықтан әлі де айтылмаған жайттар болса, бәрін нақтылаған жөн.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!