Милан түрмесінде мейрамхана ашылды

Фотография - Милан түрмесінде мейрамхана ашылды

Миландағы Боллат түрмесінің ғимаратында InGalera деген атаумен мейрамхана ашылды

259 0

Миландағы Боллат түрмесінің ғимаратында InGalera деген атаумен мейрамхана ашылды.  

Ондағы басшылықты және өзге де қызмет түрлерін абақтыда отырған тұтқындардың өздері жүргізбек.

Сондай-ақ, аталған мейрамханада даяшы болып та қамаудағылар қызмет атқарады. Түрме басшылығы бұл жұмысты жаман әдеттерден аулақ, қылмысы жеңіл тұтқындарға берген. Ал, негізгі аспаздықпен айналысу үшін сырттан екі маман шақырылған.

"Бұл мейрамхана тұтқындардың халықпен, жұртшылықпен байланысуға мүмкіндік береді. Қамаудағылар бостандыққа шыққаннан кейін қылмыс жасамауы үшін мұндай шаралардың маңызы зор",- деді түрме директоры Массимо Паризи.

Сондай-ақ, оның айтуынша, ас мәзірі тағамдарға бай және орташа бағамен есептегенде бір тамақтың құны 12 еуроны құрайды.



baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!