АҚШ-та полиция 6 жасар баланы атып өлтірді

Фотография - АҚШ-та полиция 6 жасар баланы атып өлтірді

Маршалдар артынан көлікпен қуып, ақыры қашқынның автомобилін тоқтатқан

408 0

Американың Луизиана штатының полициясы әкесін ұстамақ болғанда, оның 6 жасар баласын атып өлтірді.

Федералдық маршалдар ер адамға сот өкімін табыстағысы келген, алайда ол баласымен бірге көлікке отырып, ізін жасырмақ болды.

Маршалдар артынан көлікпен қуып, ақыры қашқынның автомобилін тоқтатқан. Ер адам көлігінен шықпай, артқа қарай жүре бастаған, деп  жазады Би-би-си. Оны шабуылдау деп түсінген тәртіп сақшылары көлікке оқ атқан. Соның салдарынан көліктің ішінде отырған бала мерт болды.

Баланың әкесі ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Полиция маршалдардың әрекеттерін тергеуді бастады. Бұл ретте полицейлер қандай да бір ақпарат бермей отыр, деп жазды ҚазАқпарат.


Тегтер:

ақш әлем

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!