Түркияда тұңғыш рет хиджабтағы қыз сот болып сайланды

Фотография - Түркияда тұңғыш рет хиджабтағы қыз сот болып сайланды

Әлеуметтік желілерде Ыстамбұл соттарының бірінде судья қызметін қара мантиядағы мұсылман қызы атқарып отырған фотосуреттер кеңінен таралуда.

477 0

Түрік елінің сот тарихында тұңғыш рет сот отырысын хиджабтағы мұсылман қызы өткізді. Әлеуметтік желілерде Ыстамбұл соттарының бірінде судья қызметін қара мантиядағы мұсылман қызы атқарып отырған фотосуреттер кеңінен таралып кеткен.

Алайда, оның аты-жөні және бұл оның алғашқы сот отырысы ма, ол жайлы еш ақпарат айтылмайды. Тек бір белгілісі, бұл – Түркия тарихындағы хиджабтағы тұңғыш судья. Әрине, бұл оқиғаны "шариғат сотқа да араласты" деп сан-саққа жүгіреткендер де табылған.

Айта кетейік, маусым айындағы Парламент сайлауы қарсаңында соттар мен прокурорлар Жоғарғы кеңесі жұмыс орнында хиджаб киюге қатысты тыйымды алып тастаған болатын. 


Тегтер:

Ыстамбұл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!