Италияда 11 жыл бұрын стадионда жоғалып кеткен жанкүйер табылды

Фотография - Италияда 11 жыл бұрын стадионда жоғалып кеткен жанкүйер табылды

Рольф Бэнтл Италияда 10 жылдан астам уақыт бойы тұрған.

282 0

Осыдан 11 жыл бұрын Италияның Милан қаласындағы атақты "Сан-Сиро" стадионында жоғалып кеткен швейцариялық жанкүйер табылды. Бұл туралы egemen.kz хабарлайды.

2004 жылы Рольф Бэнтл есімді 71 жастағы жанкүйер достарымен бірге сүйікті командасы – "Базельге" қолдау білдіру үшін Швейцариядан Италияға арнайы келген. Ол кезде базельдіктер жергілікті "Интермен" Чемпиондар Лигасының іріктеу сынында кездескен болатын. Матчтың аяқталуына 5 минут қалған кезде Рольф әжетханаға шығып кетеді. Ал қайтып келген кезде жолдастарын таба алмай қалған. Стадионнан шыққаннан кейін де жерлестерін кездестірмеген ол амалсыздан Миланда қалуға мәжбүр болған. Себебі, ол кезде жанкүйерде хабарласатын телефоны болмаған. Тіпті қалтасында небәрі 20 еуро ғана болған екен. Бұл әрине, Швейцарияға қайтуға жеткіліксіз екені түсінікті.

Осылайша, тағдыр тәлкегіне амалсыз көнген швейцариялық азамат Миландағы шағын аудандардың бірін паналауға мәжбүр болады. Алғашында оған жергілікті студенттер көмек қолын созып, тамақ және жылы киімдермен қамтамасыз етіп тұрған. Кейін өзі аз-кем итальян тілін үйреніп, құрылыс нысандарының біріне жұмысқа орналасқан.

Осы жылдың басында Р.Бэнтл тобығын сындырып алып, дәрігердің көмегіне жүгінеді. Сол кезде аурухана қызметкерлері оның Италия азаматы емес екенін және бұл елде ешқандай сақтандыруы жоқтығын біледі. Нәтижесінде олар Швейцария билігіне хабарласып, мән-жайды түсіндіреді. Сөйтіп жанкүйердің туған еліне оралуына септігін тигізеді.

Бүгінде жасы 80-нен асқан швейцариялықтың тағдырға еш өкпесі жоқ. Тіпті БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында: "Миланда өмір сүрудің қаншалықты жанға жайлы екенін сезіну үшін маған осы он жыл уақыт жеткілікті болды", – деген.

Айта кетейік, жоғарыда аталған ойында "Интер" 4:1 есебімен жеңіске жетті. Ал Рольф Бэнтл Италияда тұрған 10 жылдан астам уақыт ішінде оның сүйікті командасы 8 мәрте Швейцария чемпионатында топ жарған.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!