Туысқандарымен ерегіскен Австрия тұрғыны 1 млн еуроны кескілеп тастаған

Фотография - Туысқандарымен ерегіскен Австрия тұрғыны 1 млн еуроны кескілеп тастаған

сурет news.mail.ru сайтынан

Банкирлердің айтуынша, бұл мұраны қарт әйелдің туысқандары ала алады, тек олар кесілген ақшаның қиындыларын тапсыруы тиіс

212 0

Австрияның тұрғыны 1 млн. еуроға жуық ақшаны кескілеп тастаған, ол бұл ақша туысқандарының қолына түскенін қаламаған. Әйелдің аты-жөні белгісіз, деп жазады шетелдік БАҚ.

85 жастағы әйелдің бұл әрекеті оның қарттар үйінде көз жұмғанынан кейін ғана белгілі болды.

Зейнеткер жалпы сомасы 950 мың еуро болатын банкноттарды кесіп тастаған. Банкирлердің айтуынша, бұл мұраны қарт әйелдің туысқандары ала алады, тек олар кесілген ақшаның қиындыларын тапсыруы тиіс. Енді зейнеткердің туыстары кесілген банкноттардың қиындыларын іздеп жүр.

Прокурор Эрих Хабицльдің айтуынша, кескіленген банкноттар табылған. Сондай-ақ ол ақша қарт әйелдің өзіне тиесілі болғандықтан, оның бұл  әрекеті заңға қайшы келмейтіндігін айтты. "Сондықтан бұл оқиғаға қатысты ешқандай тергеу амалдары жүргізілмейді", - деді ол.

Австрия ұлттық банкінің қызметкері Фридрих Хаммерсшмидт мұрагерлер кесілген купюраның қиындыларын тауып, ол банкноттардың шынымен де болғаны анықталса, онда оларды айырбастап беруге болатынын айтты. 


ҚазАқпарат


Тегтер:

австрия әлем

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!