Рауль Кастро өзінің отставкаға кету уақытын айтты

Фотография - Рауль Кастро өзінің отставкаға кету уақытын айтты

Мен бұл қызметте көп уақыт отырып кубалықтарды жалықтырғым келмейді

229 0

Кубаның Мемкеңесінің басшысы Рауль Кастро жұма күні 2018 жылдың 24 ақпанында отставкаға кететінін мәлімдеді.

Кіші Кастро (84 жаста) 2008 жылы Куба мемлекетінің басшысы болды, оған дейін ол өзінің үлкен ағасы Фидель Кастро қызметінен кеткен соң екі жыл Куба мемкеңесінің басшысы міндетін атқарды, деп жазды Утро.ру.


2013 жылы Куба басшысы болып қайта сайланған Рауль Кастро 2018 жылғы сайлауда өз кандидатурасын ұсынбайтынын айтты.  


"Мен бұл қызметте көп уақыт отырып кубалықтарды жалықтырғым келмейді. Осыған дейін айтқанымдай 2018 жылы 24 ақпанда отставкаға кетемін", - деді Кастро Мексика президенті Энрике Пенья Ньето  оның құрметіне берген қонақасында.


Кастро Мексикаға мемлекеттік сапарымен барған болатын.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!