Египет билігі: А321 бортының "қара жәшігіндегі" жазулар бөтен шуды тіркеді

Фотография - Египет билігі: А321 бортының "қара жәшігіндегі" жазулар бөтен шуды тіркеді

Комиссия басшысының айтуынша, ұшақ бөлшектері аумағы 12 шақырым жерге шашылған, олардың барлығы бірдей табылған жоқ.

344 0

Египетте апатқа ұшыраған ресейлік А321 ұшағының бортындағы "қара жәшіктегі" соңғы секундтардағы жазбалардан бөтен шу естілді, деп мәлімдеді лайнердің апатқа ұшырауының себептерін тексеріп жатқан халықаралық комиссияның басшысы Айман әл-Мүккадам.

Апатқа ұшыраған ресейлік А321  қирандылары Каирге қауіпсіз жерге жеткізілді, деді ол. Ол сондай-ақ екі "қара жәшік" те апаттың алғашқы күні табылғанын айтты. Комиссия басшысының айтуынша, ұшақ бөлшектері аумағы 12 шақырым жерге шашылған, олардың барлығы бірдей табылған жоқ.

Табылған қиранды бөлшектері әзірге ұшаққа әсер ету сипатын анықтауға мүмкіндік бермей тұр, деді ол.

Египет билігінде әзірше ресейлік ұшақтың апатқа ұшырауы себептерінің нақты нұсқасы жоқ, оқиғанының мүмкін болған барлық сценарийлері қарастырылуда, деп хабарлады Би-би-си.

Қазіргі кезде тергеу ақпараттар жинауды жалғастыруда, деді әл-Мүкаддам.

Еске сала кетейік, ресейлік "Когалымавиа" авиакомпаниясының  Airbus A321 ұшағы 31 қазанда Синай түбегінде апатқа ұшырады. Борттағы барлық 224 адам қазаға ұшырады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!