Александрияда теңіз түбінде мұражай ашпақ

Фотография - Александрияда теңіз түбінде мұражай ашпақ

Осынау өршіл жобаны жүзеге асыруға 150 млн. доллар жұмсау көзделіп отыр.

268 0

Егер жәдігерліктерді туристерге жеткізу мүмкін болмаса, онда туристерді артефактілерге жеткізуге тура келеді. Египеттік Александрия қойнауында су астында қалған көрнекті орындар жатқан теңіз түбінде бірегей мұражай ашуды жоспарлануда.

Осынау өршіл жобаны жүзеге асыруға 150 млн. доллар жұмсау көзделіп отыр. Мұражай су астындағы алты метр тереңдіктегі қарау алаңқайларына апаратын тоннельдерімен төрт биік ғимараттардан тұратын болады.

Бұған қоса мұражайда туристерді көрнекті орындарға жеткізетін қабырғалары мөлдір субмариналар жұмыс жасайтын болады. Осылайша, келушілер ежелгі дүниенің жеті кереметтерінің бірі Фарос шамшырағынан қалған жәдігерліктерді тамашалай алады. Сонымен қатар, Клеопатра сарайы үйінділерін көре алады, онда сфинкстің мүсіні сақталған.

Алесандрияның көптеген қазыналары Ортағасырларда болған жер сілкіністерінің салдарынан су түбіне кетті. Теңіз астында барлығы 2500 бағалы тас нысандар жатыр. Егер мұражай салынатын болса, бұл көрнекті орындарға екінші өмір сыйлайды.

Мұражай жобасын египеттік ежелгі ескерткіштер министрлігінің тапсырысымен француз сәулетшісі Жак Ружери жасады. Басты проблема Александия қойнауындағы су өте ластанған, бұл артефактілерді қарауды қиындатады және олардың бүлінуін тездете түседі, деп атап өтеді ЮНЕСКО.

Егер де қайткенде де, жоба жүзеге асатын болса, оны көруге жылына 3 миллионға дейін туристер ағылады, деп жазады Моя планета.  

null null null
ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!