Женевадағы бәссаудада әлемдегі ең қымбат сағат сатылды

Фотография - Женевадағы бәссаудада әлемдегі ең қымбат сағат сатылды

Сағат 6,75 млн. еуроға сатылды.

415 0

Bloomberg басылымының хабарларынан белгілі болғандай, Женевадағы (Швейцария) қайырымдылық бәссаудасында әлемдегі ең қымбат Patek Philippe моделі сағаты сатылды, деп хабарлады VistaNews.

Әлемдегі ең қымбат бұл сағаттың бағасы 7,3 млн. швейцар франкі тұрады, бұл шамамен 6,75 млн. еуро деген сөз. Бұл әлемдегі бәссаудаларда сатылған сағаттардан анағұрлым қымбат. Ал бәссаудада олардың бастапқы бағасы 10 есе төмен болған еді.

Бұл сағаттардың бірегей болатын себебі, небәрі бір дана ғана. Patek Philippe сағатының екі секундтық тілі бар, корпусы болаттан жасалған, циферблаты күңгірт-көк түсті.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!