Түнгі клубта шыққан өрт салдарынан қаза тапқандардың саны 43 адамға жетті

Фотография - Түнгі клубта шыққан өрт салдарынан қаза тапқандардың саны 43 адамға жетті

None

417 0

Румынияда таңертең  Бухаресттің түнгі клубындағы өрт салдарынан жапа шеккендердің тағы екеуі ажал құшты. Осылайша тілсіз жау салдарынан мерт болғандардың саны 43 адамға жетті.

Денсаулық сақтау министрлігінен хабарлағандай, қазір ауруханада 103 зардап шегуші жатыр. 44 адамның жағдайы тым ауыр. Румыниялық ақ халаттылар шетелдік әріптестерінен көмек сұрады. Жапа шеккендердің біразын Голландия мен Австрия клиникаларына жеткізді, деп хабарлады ТАСС.

Еске салайық, Бухаресте Colectivу түнгі клубындағы жарылыстан болған өрт салдарынан 200-ге жуық адам зардап шеккен, 27 адам көз жұмды. 

Үкімет 31 қазан, 1,2 қараша күндерін ұлттық аза тұту күндері деп жариялау туралы қаулы етті, деді Премьер-министр. 

Оқиғадан зардап шеккендер арасында Испания, Германия, Италия елдерінің азаматтары бар. Румыния билігі оларды өз елдеріне жеткізуді қамтамасыз етпек. 

Қазіргі сәтте Бухарест ауруханаларында 146 адам емделуде, олардың басым бөлігінің жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды РИА Новости.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!