Үндістандық тоғыз жасар бала ірі компанияға директор болып тағайындалды

Фотография - Үндістандық тоғыз жасар бала ірі компанияға директор болып тағайындалды

Үндістандық 3-сынып оқушысы Рубен Пол ұялы телефондарға арналған қосымшалар әзірлеу компаниясының бас директоры болып тағайындалды

241 0

Үндістандық 3-сынып оқушысы Рубен Пол ұялы телефондарға арналған қосымшалар әзірлеу компаниясының бас директоры болып тағайындалды деп жазады Kv.by агенттігі. 

9 жасар вундеркинд мобильді қосымшалар құрастыратын жеке компаниясын басқарады және киберқауіпсіздік тақырыбындағы конференцияларда сөз алып жүр.

"Рубен ақпараттық технологияларға 5 жасынан бастап қызыға бастады. Осы кезде-ақ Scratch бағдарламасын айтарлықтай меңгеріп алды. Біраз уақыт өткен соң, бірнеше бағдарламаны үйренді. Ол математика пәнінен есептерді шешуге көмек беретін өзінің алғашқы қосымшасын жасап шықты", - деді Рубеннің әкесі.

Бүгінгі күні Рубен Пол "Prudent Games" компаниясының бас директоры болса, әкесі баласына қолдау көрсетіп, бизнес-серіктес.

Айта кетейік, ақпараттық қауіпсіздік туралы конференцияларда ол әлсіз құпия сөздерді жеңіл бұзып алуға болатыны жайлы айтып жүр. Жақында Рубен Азиядағы ең ірі Ground Zero Summit 2015 конференциясына қатысты.


baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!