ҚХР мен Тайвань басшылары 65 жылдан соң жылы жүздесті

Фотография - ҚХР мен Тайвань басшылары 65 жылдан соң жылы жүздесті

Тайвань басшысы теориялық тұрғыда Қытайдың заңды Үкіметін гоминдандық коммунистер басып алды деген райынан қайтар емес.

198 0

Қытай мен Тайвань мемлекетінің басшылары 1949 жылғы азаматттық соғыстан кейін бірінші рет жоғары дәрежедегі мәртебелі кездесу өткізді. Тайвань Президенті Ма Инцзю мен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин "бесжұлдызды" мейманханадағы ұшырасу кезінде бір-бірінің қолын жайдары күлімсіреп қысты. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Қытай жағы бүгінгі таңға дейін Тайванды "бүлікші өңір" деп таңбалап келеді. Ерте ме кеш пе "адасқан бауырларының Отанына оралатынына" сенімді. Бейжің ол күнді қанша уақыт болса да асықпай тосуға зар.

Ал, Тайвань басшысы теориялық тұрғыда Қытайдың заңды Үкіметін гоминдандық коммунистер басып алды деген райынан қайтар емес. Тайвань өзін демократиялық тәуелсіз ел санайды.

Тайвань Президенті Ма Инцзю "Ассошиейтед Пресс" агенттігіне берген сұхбатында "Екі жақ та бір-бірінің құндылықтары мен өмір салтын сыйлауы тиіс" деп мәлімдеді. Оған Си Цзиньпин "Біз бір отбасымыз" деп жауап қайтарды.

Екі жақты алғашқы кездесу барысында екі басшы да бір-біріне мадақтау сөздер айтты.

Ма Инцзю "Ең бірінші рет кездесіп тұрғанымен біз бір-бірімізді байырғы жақын достар санаймыз. Мен бүгін артта қалған 60 жыл ішінде қарсыластық емес, ынтымақтастық жемісін көріп тұрмын" деп әріптесінің алдын ораса, Си Цзиньпин қанағаттандық сезіммен "Бүгінгі кездесу жаңа да жарқын күндерге жол ашты, бұл күннің тарихи маңызы бар" деп жауап берді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!