ХАК А321 әуелайнерінің бортындағы жазба-сараптаманы жария етті

Фотография - ХАК А321 әуелайнерінің бортындағы жазба-сараптаманы жария етті

"Ислам мемлекеті" тобының Синай түбегі лаңкестерімен арадағы сөйлескен сөздерін жазып алғанын айтады.

155 0

Халықаралық авиациялық комитет Египетте апатқа ұшыраған ресейлік А321 әуелайнерінің бортындағы жазба ақпараттың алғашқы сараптамасын жария етті. "Қара жәшіктегі" жазбаларды екшегенде ұшу барысында әуе лайнерінің борттық жүйесінде ешқандай да іркіліс болмағаны анықталды. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Осы орайда Халықаралық комиссияның төрағасы Айман әл-Мұқаддам жазбаның соңғы секундтарында кенет шыққан бөгде шудың тіркелгені туралы да мәлімдеді.

Ал америкалық және британдық арнайы қызметтің білікті мамандары жолаушылар ұшағының жүк қоятын секторында жарылыстың болғанын жоққа шығармай отыр. АҚШ барлау қызметінің анонимдік өкілдері экстремистік "Ислам мемлекеті" тобының Синай түбегі лаңкестерімен арадағы сөйлескен сөздерін жазып алғанын айтады. Онда синайлық лаңкестер ресейлік жолаушылар ұшағын жойып жібергені туралы мақтана мәлімдеген.

Барлық мәліметтердің таратылғанына қарамастан ХАК сарапшылары зерттеу жұмысын одан ары мұқият жалғастыру үстінде.

Еске сала кетсек, 31 қазанда Египеттің Шарм-аш-Шейх шаһарынан Санкт-Петербург қаласына бет алған ресейлік жолаушылар ұшағы Синай түбегі үстінде апатқа ұшыраған. Борттағы барлық 224 жолаушы көз жұмды.

egemen.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!