Модильяни картинасы бәссаудада 170,4 млн долларға сатылды

Фотография - Модильяни картинасы бәссаудада 170,4 млн долларға сатылды

Амедео Модильянидің жалаңаш бойжеткеннің суретін бейнелеген туындысы Нью-Йоркте өткен Christie's бәссаудасында $170,4 млн. сатылды.

215 0

Итальяндық суретші, мүсінші Амедео Модильянидің жалаңаш бойжеткеннің суретін бейнелеген туындысы Нью-Йоркте өткен Christie's  бәссаудасында   $170,4 млн. сатылды, деп жазады  New York Times.

1917 жылы салынған "Nu couché" суреті суретшінің бұрын-соңды сатылған картиналарының ішіндегі ең қымбаты  және 9 санды баға көрсеткішімен оныншы өнер туындысы болды.

Осы сауда-саттықта поп-арт суретші Роя Лихтенштейннің 1964 жылы салынған  "Медбике" туындысы  $95,3 млн сатылды,  бұл алдында белгіленген     $80 млн. едәуір асып түсті.

Бәссаудада сатылған 34 лоттың жалпы бағасы $444 млн. құрайды деп күтілуде.


 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!