Испандық дәрігер жиырма жылдан кейін орманнан табылды

Фотография - Испандық дәрігер жиырма жылдан кейін орманнан табылды

Сақалы өсіп кеткен оның түрі адам шошырлық дейді олар

175 0

20 жыл бұрын жоғалып кеткен дәрігер Италияда орманнан табылған деп жазады Sky News.  

Осыдан екі апта бұрын Карлос Санчес Ортиз де Салазарды орманда саңырауқұлақ теріп жүрген екі адам көріп қалған. Сақалы өсіп кеткен оның түрі адам шошырлық дейді олар. Карлос саңырауқұлақ терушілерге өз құжатын көрсеткен. «Менің ұлтым - испандық, осы жерде 1997 жылдан бері өмір сүрем» депті ол.

Карлос 1995 жылы депрессияға ұшырап, Севилья қаласындағы өз үйінен кетіп қалған. Ал, 2011 жылы ол туралы ешқандай мәлімет болмағандықтан, оны ресми түрде өлді деп жариялаған. Орын алған оқиғадан кейін Карлостың отбасы оны орманға келіп іздестірді. Бірақ ол қайтатабылған жоқ. Ата-анасы құжаттағы суретін көріп, өздерінің балалары екенін растады. Олар Карлостың шешімімен келісетіндерін айтады. Алайда, соңғы рет болса да ұлдарын көрмей кетпейміз дейді.

baq.kz


Тегтер:

испания әлем

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!