Танымал актер Роберт Де Ниро Мәскеуде тағы бір мейрамханасын ашты

Фотография - Танымал актер Роберт Де Ниро Мәскеуде тағы бір мейрамханасын ашты

Nobu авторлық асханасының (халықаралық желі) алғашқы мейрамханасын Нью-Йоркте 1994 жылы Роберт де Ниро мен жапон аспазы Нобу Масухис ашқан.

211 0

Голливуд жұлдызы Роберт Де Ниро жапон аспазы Нобу Матсухиспен бірлесіп, Ресей астанасында әлемге белгілі Nobu желісінің тағы бір жаңа мейрамханасын ашты, деп хабарлады "RТ". 

Nobu авторлық асханасының (халықаралық желі) алғашқы мейрамханасын Нью-Йоркте 1994 жылы Роберт де Ниро мен жапон аспазы Нобу Масухис ашты. Nobu желісі бойынша әлемнің 28 қаласында (Лондон, Лас-Вегас, Мельбурн, Токио, Бейжің, Майами және т.б.) 33 мейрамхана ашылған. 
Мәскеуде Де Ниро мен атақты бас аспазшының алғашқы мейрамханасы 2009 жылы ашылған болатын. Жоба Матсухис, Де Ниро, бизнесмендер: Арас пен Эмин Агаларовтардың ынтымақтастығының нәтижесінде жүзеге асқан. 
Жаңа Nobu Crocus City мейрамханасының алаңы - 1200 шаршы метр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!