Қырғызстанда қатаң режимдегі түрме салынуда

Фотография - Қырғызстанда қатаң режимдегі түрме салынуда

Қырғыз билігі жаңа түрмелердің құрылысын жеделдетіп, ескісін жаңғыртуға ниетті

363 0

Қырғыз билігі жаңа түрмелердің құрылысын жеделдетіп, ескісін жаңғыртуға ниетті.

Оған таяудағы оқыс оқиға себеп. Естеріңізде болса, абақтыдан 9 сотталушы қашып кеткен еді. Кейін белгілі болғандай, қашқындардың саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін екен. Өйткені өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар мен тергеудегі адамдар бір камераға қамалған.

№19 түзеу мекемесінде құрылыс жұмыстары жалғасуда. Түрмені салу туралы шешім 2007 жылы қабылданған болатын. Бірақ бюджет тапшылығына байланысты шаруа дер кезінде ширатылмады. Алайда бұл мәселе әлі де толығымен шешілген жоқ. Әзірге құрылыстың тек 60 пайызы ғана қаржыландырылған.

Асхат Егембердиев, Қырғызстан ЖОМҚ басқарма басшысы:
- Бұл учаскенің бірінші корпусы аяқталуға жақын. Біздің мемлекетіміздің тарихында мұндай ауқымды құрылыс бұрын-соңды болған емес. Елімізде өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар саны күн санап өсіп келеді. Сондықтан бұл мәселеге ерекше мән беріп отырмыз.

 Аталған абақтыда әзірге 100-ге жуық қылмыскер қоныстанады. Олардың арасында лаңкестік жасағандар да бар. Айтпақшы, 100 камерадан тұратын нысан қазақстандық үлгімен салыныпты. Бүгінде Қырғызстанда 300-дей адам өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Енді олар жазасын осы жерде өтейді. Өйткені бұл қатаң режимдегі түзеу мекемесі болмақ. Яғни түрмеге аса қауіпті қылмыскерлер тоғытылады.

Кубан Шаршембиев, Қырғызстан ЖОМҚ тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы:
- 1988 жылы нысан емдеу мекемесіне айналды. Енді қайта құру жұмыстары жүріп, қатаң режимге ауысып жатыр. Мұнда бірінші кезекте аса ауыр қылмыс жасағандар отырады.

Және тағы бір жаңалық. Қырғызстан қорғаныс кеңесінің шешіміне сай, өзге төрт түрмеде діни экстремизмге қатысы бар қылмыскерді қамайтын арнайы камералар салынады. Өйткені соңғы кездері экстремистер жанындағы адамдарды өз ағымына арбап, тартатын деректер көп тіркелуде.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!