Обама Тегеранға қарсы санкциялар мерзімін ұзартты

Фотография - Обама Тегеранға қарсы санкциялар мерзімін ұзартты

АҚШ президенті Барак Обама Иранға қарсы санкциялар мерзімін тағы бір жылға ұзартты

126 0

АҚШ президенті Барак Обама Иранға қарсы санкциялар мерзімін тағы бір жылға ұзартты.

Құрамында Вашингтон да бар халықаралық алтылық Тегеранның ядролық бағдарламасы жөнінде келісімге жеткеніне қарамастан, Ақ Үй әкімшілігінің басшысы осындай шараға барып отыр.

Айта кетер бір жайт, 9 қарашада Ақ Үйге Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ресми сапармен келген. Оның Барак Обамамен өткен кездесуінде талқыланған басты мәселелердің бірі тап осы Иранмен ядролық келісім болған еді. Израиль басшысы бұл келісімге тарихи қателік деп баға берген болатын.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!