Африкада Эль-Ниньо 11 млн бала аш қалуы мүмкін

Фотография - Африкада Эль-Ниньо  11 млн бала аш қалуы мүмкін

Бұл туралы ЮНИСЕФ балалар қорының өкілдері мәлімдеді

251 0

Тропикалық Африкада 11 миллион бала "Эль-Ниньо феномені" салдарынан аш қалуы мүмкін. Бұл туралы ЮНИСЕФ балалар қорының өкілдері мәлімдеді.

Тынық мұхитының экватор белдеуінде туындайтын жылы ағыс бүкіл планетаның ауа райына әсер етеді. Ағыстың әсерінен Африка құрлығының оңтүстігі мен шығысын індет жайлауы мүмкін. Сонымен қатар тұрақсыз феномен эфиопиялықтарды азықсыз қалдыруы ықтимал. Табиғаттың қатал құбылысы Эфиопияға соңғы 30 жылда болмаған қуаңшылық әкеліп отыр. Ал Зимбабведе келер қыста тамақ тапшылығы болуы мүмкін. Сондай-ақ Оңтүстік Африка Респубикасында мал жаппай қырылып жатыр. Елдің ең ірі қаласы Йоханнесбургте құрғақшылық салдарынан суды үнемдеу тәртібі енгізілді.


24.kz

Тегтер:

аштық африка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!