Уорхолдың Мэрилин Монро портреті 36 миллион долларға сатылды

Фотография - Уорхолдың Мэрилин Монро портреті 36 миллион долларға сатылды

Christie's ХХ ғасырға тән көрнекті өнер туындыларын аукционға қойып, сатуды жалғастырып келеді

89 0

Энди Уорхолдың Мэрилин Монро портреті Нью-Йорктегі Christie's аукционында 36 миллион долларға сатылды деп жазады РИА Новости. 

Christie's ХХ ғасырға тән көрнекті өнер туындыларын аукционға қойып, сатуды жалғастырып келеді.

Сейсенбі күні кешке Луиз Буржуаның «Өрмекші» картинасы 28,2 миллион долларға, Люсьен Фрейдтің "Бригадир" туындысы 34,8 миллион долларға сатылды. Ал, атақты суретші Джо Брэдлидің «Үш ер адам» шығармасы 3 миллион долларға сатылған.

Айта кетейік, "Соғыстан кейінгі және заманауи туындылар" тақырыбындағы кешкі аукционға 70-тен аса лот қойылған еді. Нәтижесінде барлығы саудаға түсіп, 332 миллион долларды құрады.

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!