Грекиядағы Лесбос аралының басшылығы дабыл қағуда

Фотография - Грекиядағы Лесбос аралының басшылығы дабыл қағуда

Күн сайын арал жағалауында теңізде қаза болған босқындардың денелері табылып жатыр

138 0

Күн сайын арал жағалауында теңізде қаза болған босқындардың денелері табылып жатыр. Ал аралда оларды жерлейтін орын жоқ.

 Спирос Галинос, Митилини қаласының мэрі:
 - Бүгінде бізде босқындарды жерлейтін орын қалған жоқ. Қазір мәйітханада 60-тан аса адамның мүрдесі бар. Біз тоңазытқыштарды сыртқа қоюға мәжбүрміз. Жаңа зираттарға жер бөлуге тырысып жүрміз, бірақ жақын арада мұның өзі де жеткіліксіз болар деп қауіптенемін.

Еуропаға ең қысқа жолдардың бірі Лесбос аралы арқылы өтеді. Мұнда жетуді аңсаған мыңдаған босқын алысқа жүруге бейімделмеген шағын қайықтарға мініп, қауіпті сапарға аттанады. Босқындар жөніндегі халықаралық агенттіктің мәліметі бойынша, 2015 жылы Еуроодаққа теңіз арқылы 800 мың босқын өткен. Сондай-ақ 3 432 адам Жерорта теңізінде суға батты немесе із-түзсіз жоғалып кеткен.

Отанынан безіп, бейбіт өмір кешуді көксеген босқындар. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейінгі мигранттардың бүгінгі арманы кідірмей кәрі құрлыққа жету.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!