Огайо штатында жеңіл ұшақ үйге соғылып, мыңнан астам адам жарықсыз қалды

Фотография - Огайо штатында жеңіл ұшақ үйге соғылып, мыңнан астам адам жарықсыз қалды

Өрт сөндірушілердің мәліметтерінше, 9 адамға дейін қаза табуы ықтимал

309 0

АҚШ-тың батысындағы Огайо штатында Hawker 25 жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады.

Тұрғын үйдің үстіне құлаудан бұрын ұшақ электр желілеріне тиіп,  салдарынан мыңнан астам адам жарықсыз қалды.

Өрт сөндірушілердің мәліметтерінше, 9 адамға дейін қаза табуы ықтимал. Алайда әзірге әуе кемесінің командирі мен оның көмекшісінің опат болғаны туралы ақпарат расталды.

Апат кезінде үйдің ішінде болып, қаза тапқан немесе зардап шеккен адамдар туралы ақпарат келіп түскен жоқ. 


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!