ФИФА президенті Зепп Блаттер ауруханаға түсті

Фотография - ФИФА президенті Зепп Блаттер ауруханаға түсті

79 жастағы Блаттер жүйе сырқатымен ауруханаға жатқызылған

202 0

ФИФА президенті Зепп Блаттердің өкілі  оның ауруханаға түскенін және келесі сейсенбіге дейін болатынын мәлім етті, деп хабарлады Би-би-си.
Бұдан бұрын 79 жастағы Блаттер жүйе сырқатымен ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпарат жарияланған болатын. Онда хабарланғандай, шенеуніктің сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар екені туралы соңғы айлардағы психологиялық қысым бұған себеп болған тәрізді.
Швейцария прокуратурасы Блаттерге қатысты тергеу жүргізуде, онда ол Кариб футбол одағымен (КОНКАКАФ) 2005 жылы ФИФА үшін көрінеу тиімсіз келісімшартқа қол қойды деп күдіктелуде.
Сондай-ақ 2011 жылы Блаттердің УЕФА басшысы Платиниге тоғыз жылдан астам уақыт бұрынғы жұмысы үшін 2 млн. швейцар франкін төлеуі де прокуатураның күдігін молайтты. Платини 1999-2002 жылдары Блаттердің кеңесшісі болып жұмыс жасаған болатын.
Қазан айының басында ФИФА-ның этика жөніндегі комитеті Зепп Блаттер мен Мишель Платиниді қызметінен уақытша шеттетті.  Зепп Блаттердің өзі барлық айыптауларды жоққа шығаруда.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!